Жетысуская область

Біз өз жауапкершілігімізді толықтай түсінеміз — ІІМ вице-министрі Талдықорғанда қыздың зорлануы жайлы

Қазақстан Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Талдықорғандағы қыз зорлау оқиғасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Атап айтқанда, ол журналистердің Талдықорған қаласында резонанстық фактіден кейін басқа өңірлерде қандай да бір профилактикалық жұмыстар жүргізіле ме деген сұрағына жауап берді.

«Әрине, ондай жұмыстар осы уақытқа дейін жүргізіліп келеді. Бірақ өкініштісі сол, кейде осындай жағдайлар болады. Бұл туралы айту да өте жағымсыз. Біз мұндай оқиғалар үшін жауапкершілігімізді толық түсінеміз», — деді Қожаев бейсенбідегі Сенат кулуарында.

Ол резонанс оқиғадан кейін аймаққа арнайы комиссия барып, қызметтік тергеу жүргізгенін айтып өтті.

«Кеше ұйымдастыру жұмысын қорытындылаған министр шешімімен полиция департаментінің барлық басшылығы қызметінен босатылды», — деді министрдің орынбасары.

Еске салайық, бұған дейін Талдықорған полициясының бастығы Марат Көштібаев 27 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталып, кейін қамауға алынған болатын.

ІІМ басшысының шешімімен Жетісу облысы полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов қызметінен босатылды, оның бірінші орынбасары Жасұлан Байкенов қызметтік сәйкестігі толық еместігі туралы ескертілді.

Облыстық  департамент бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары Талант Жұмабек пен тергеу бойынша орынбасары Мақсат Ережепов та атқаратын лауазымдарынан босатылды.
Жетісу облысы ПД бастығының міндетін енді полиция генерал-майоры Арман Саданов атқаратын болады. Бұдан бұрын ол ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаментін басқарған.

Қыз зорлады деп күдікке ілінген күдікті Көштібаев 2019 жылы Алматы облысының жергілікті полиция қызметінің бастығы қызметінен босатылған, себебі ол өзінің аудиожазбасында бағыныштыларын балағат сөздерді қолданған.

2023 жылдың наурыз айында Көштібаев кезекті аудиожазба үшін қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Другие новости

Back to top button