Социум

Биыл Қазақстанда мектепке дайындық қанша болады?

Қазақстанда балаларды мектепке дайындау бұл жолы әлдеқайда қымбатқа шығайын деп тұр. Оқуға қажетті керек-жарақтар 22 мың теңгені құрайды. Оның үстіне бұл ең қажетті заттарды сатып алғанда ғана шығатын шығын. Бұл туралы  “Информбюро” бағдарлама хабарлайды. 

 

 

Орташа сапалы тауарларды сатып алуға бір оқушыға шаққанда 22 мың теңгеден астам қаражат жұмсалады. Бұл рюкзак, қалам, қарындаш, жұмыс дәптері және қарапайым дәптерлер және басқа кеңсе керек-жарақтары. Ал егер мектеп формасын сатып алуды ескеретін болсақ, онда бір балаға кететін шығын 70 мың теңгеден асады.

“Ақ қағаз қымбаттады. Қорабы 17 жарым мың теңге тұрады. Жалпы, барлық қағаз өнімдері қымбаттады. Дәптерлер, блокноттар, оқу кітаптары, журналдар. Кем дегенде 20% қымбаттады”, – дейді сатушы Айгүл Қабылбаева.

Орта есеппен кеңсе тауарлары 10% қымбаттады. Өткен жылмен салыстырғанда өсу біршама баяулады. Бұл теңгенің тұрақтылығына байланысты. Ұлттық валюта бір деңгейде тұрғанына бірнеше ай болды, дейді сарапшылар.

“Осы сәтке келетін болсақ, бұл болашаққа керек құралдарды сатып алуға ыңғайлы жағдай. Төртінші тоқсанда біз инфляцияны және жыл сайын болатын бағаның өсуін күтеміз”, – дейді «Office Expert»компанияларының бас директоры Руслан Мұқашев.

Өткен жылдағыдай, кеңсе тауарлары Түркістан және Жамбыл облыстарында қымбаттады. Ішкі өндірістің толық циклы жолға қойылғанға дейін бүкіл ел бойынша сатып алу шығындары үнемі өсіп отырады.

Другие новости

Back to top button