Алматы

Бір күнде Алматы қалалық полиция департаментіне 27 рет шабуыл жасалған

5 қаңтар күні Алматы қалалық полиция департаментінің ғимаратына 27 рет шабуыл жасалған. Мұндай мәлімет Бас прокуратура ұсынған «Қаңтар оқиғасы: Дерек пен дәйек» деректі фильмінде келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
 

Бас прокуратура дерегінше, 5 қаңтарда бүлікшілер Алматыдағы Әуезов пен Алмалы аудандарының полиция басқармаларын және қалалық полиция департаментін басып алмақ болған. Алматы қалалық полиция департаментіне 27 рет шабуыл ұйымдастырылған. Дегенмен, тәртіп сақшылары түнгі сағат 12-ден таңғы 5-ке дейін бүлікшілерге тойтарыс беріп, қорғанысты ұстап тұрған.

 

Сонымен қатар, қаңтар оқиғасының хронологиясы баяндалған деректі фильмде өзге өңірлердегі қарулы шабуылдар да қамтылған. Атап айтқанда, дәл осы күні қылмыскерлер Қызылордадағы жергілікті полиция қызметі мен полиция департаментінің ғимаратында ойран салмақ болған. Ал бірер сағаттан соң бүлікшілер Талдықорған, Тараз және Алматы мен Жамбыл облыстарының полиция департаменттерін басып алған.

 

 

 

Другие новости

Back to top button