Социум

Биік ғимараттарға шығып, видео түсіретін белгілі блогер 68-қабаттан құлап қаза тапты

«Enigma» атымен танымал франциялық Реми Лучиди Гонконгта 68-ші қабаттан құлап қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Француздық азамат бейсенбі күні кешке зәулім ғимаратқа кіріп, күзетшіге досына қонаққа келгенін айтқан. Күзетші оны тоқтатпақ болғанда ол тыңдамай жоғарыға көтеріліп кеткен.

Видеобақылау камерасындағы кадрдан Лучидидің лифтпен 49-қабатқа, кейін баспалдақпен жоғарыға көтеріліп бара жатқаны жазылып қалған.

Соңғы рет оның ғимараттың терезесін тоқылдатып, қызметші әйелді көмекке шақырып жатқанын көрген, кейін ол құлап, мерт болды.

Ремиді іздеген қауіпсіздік қызметкерлері кейінірек шатырдың люгі ашық тұрғанын байқаған.

Полицейлер ол пентхаустан тысқарыда тұзақта қалып қойып, елді көмекке шақырды деп болжап отыр.

Оқиға орнынан ер адамның камерасы табылды. Оған басқа да қауіпті трюктердің видеосы түсірілген.

Лучиди Instagram-дағы оқырмандарына қиын трюктер жасаған әсерлі видеоларын жиі бөлісіп отырған. Сондай-ақ ол Болгария, Колумбия, Франция, Дубай және Польшадағы биік ғимараттарға шығып, танымал болған.

Другие новости

Back to top button