«Бетіңді немесе жыныс мүшеңді кесемін»: Алматы облысында бұрынғы сүйіктісін пышақтаған жігіттің ісі сотқа жіберілді
Алматы облысында жергілікті тұрғынды қорлаған ер адамның іс сотқа жіберілді. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Тергеу мәліметтері бойынша, Талғарда 25 жастағы қыздың бұрынғы жігіті оны қала сыртына алып кеткен де, ұрып-соғып, мұрнын сындырып, бетін кеңсе пышағымен кесіп тастаған.
Туыстарының айтуынша, мұндай әрекетке қызғаныш себеп болған. Жәбірленуші төрт отадан шықты, оған қандай зардаптар келгені белгілі болды. Қазір қыз тағы бір отаға дайындалып жүр.
“Жігіт оны алдап, үйден алып шыққан. Ол қандай да бір тосынсыйы бар екенін айтып, оны Алатау тас жолымен алып кетіпті. Бетін тілгілеп тастады. «Таңда, бетіңді немесе жыныс мүшелеріңді кесемін» деген. Сіңлім «екінші бетімді» дегенде, ол «жоқ, бәрібір жыныс мүшелеріңді кесемін» деп, тап бермек болған. Сіңлім оған қарсыласқан кезде, ол оның қолын кесті. Ол кеңсе пышағын ұстап алды, бұл жігіттікі еді”, – деді жәбірленушінің әпкесі Мәдина Байсейітова.
Оқиға қаңтардың басында болды. Мәдинаның айтуынша, күдікті мұны бейнежазбаға түсіріп, қыздың әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған. Динаның туыстары не болып жатқанына алаңдап, оған қоңырау шала бастады. Бір сағаттан кейін ол қызды үйінің жанына тастап кетіпті.
Жәбірленушінің жақындары істі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру » емес, «Кісі өлтіруге оқталу» бойынша қайта қарауды талап етуде. Сот жақын арада басталады. Ал айыпталушының анасы ұлын кінәлі деп санамайды.
“Қыз өзі тап берген. Ұлым мұны абайсызда жасады. Кеңсе пышағы қыздікі. Ол жігіттің пышағы деп өтірік айтпасын! Ол біреуді пышақтау үшін өзімен бірге кеңсе пышағын алып жүрмейді”, – деді күдіктінің анасы Әлия Нұрқалиева.