Алматинская область

Белгісіз жағдайда қырылып қалған бір қора қой жұртты шошытты

Әлеуметтік желілерде қырылып қалған бір қора қойдың видеосы тарады. Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары малдың қалай қырылғанын түсінбей дал болды, деп хабарлайды Экспресс К.

Ауылдағы төрт түлікке тыныштық бермей жүрген жау тұрғындардың зәре-құтын қашырған.

Видео соңында шаруа қожалықтың иесі қорасындағы малдың қалай қырылғанын түсіндіріп береді. Оның айтуынша, төрт түлікке шабуылдаушы жануар алыстан келмеген. Оларға сыртқы пішіні питбульге ұқсас ит ауыз салған. Еңбекшіқазақ ауданында бұл иттің қалайша иесіз жүргені әзірге белгісіз.

 

Другие новости

Back to top button