Мангистауская область

«Бейнеу-Жаңаөзен» магистральдық газ құбырының екінші желісі іске қосылды

Оның қуаты жылына 5,8 млрд текше метрді құрайды

«Бейнеу-Жаңаөзен» магистральдық газ құбырының екінші желісі іске қосылды. Оның құрылысы өңірдің 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары шеңберінде жүзеге асырылды. Бұл туралы Нұрлан Ноғаев баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

2023 жылдың қазан айында Маңғыстауда «Бейнеу-Жаңаөзен» магистральдық газ құбырының екінші желісі іске қосылды.

«Бейнеу-Жаңаөзен» магистральдық газ құбырының екінші желісін іске қосу елді мекендерді, ірі өнеркәсіптік объектілерді, сондай — ақ Маңғыстау облысының негізгі энергетикалық кәсіпорны-жылу және электр энергиясын өндіретін «МАЭК» ЖШС тұрақты газбен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Мәселен, «Бейнеу-Жаңаөзен» газ құбырының екінші желісінің өткізу қабілеті жылына 5,8 млрд текше метрді құрайды. Бұған дейін «Окарем-Бейнеу» газ құбыры осы бағыт бойынша 3 млрд текше метрден астам айдауды қамтамасыз еткен болатын. Енді екі газ құбырының жалпы өткізу қабілеті жылына шамамен 9 млрд текше метрге жетеді. Бұл өңірдің қажеттіліктерін толығымен жабады, — деді Нұрлан Ноғаев.

Сондай-ақ, тұрақты газбен жабдықтау мақсатында республикалық бюджеттен «Жаңаөзен-Ақтау» магистральдық газ құбырының 4 желісін салу жобасын іске асыруға 5,3 млрд.теңге (148 км газбен жабдықтау желілері) бөлінді.

Сондай — ақ, іске асырылып жатқан «Каспий энергетикалық хабы» аясында жаңа шағын аудандарды тұрақты газбен жабдықтау мақсатында «Жаңаөзен-Ақтау» МГ құбырынан басталатын автоматтандырылған газ тарату станциясы бар магистральдық газ құбырының құрылысы жүріп жатқанын атап өткен жөн.

Другие новости

Back to top button