Социум

Бейжіңде ҚР Президентінің қатысуымен «Бір белдеу, бір жол» ІІІ форумы басталды

Бейжіңде жоғары деңгейдегі «Бір белдеу, бір жол» ІІІ форумы ашылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзін қытай тілінде бастады. Бұл туралы Kazinform тілшісі хабарлайды.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин бастамашылық еткен «Бір белдеу, бір жол» жобасына биыл 10 жыл толды.

Форумның басты тақырыбы – «Бір белдеу, бір жолдың» жоғары сапалы құрылысы, ортақ даму мен гүлденуге бірлесіп жету»

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасына 16 қарашада ресми сапармен барды. Қ.Тоқаев келесі күні бірқатар кездесулер өткізді, соның ішінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді.

Қазақстан Президенті сапарының 17 қарашадағы жұмыс күні жоғары деңгейдегі «Бір белдеу, бір жол» бастамасының ІІІ форумына қатысатын делегация басшыларының құрметіне Си Цзиньпиннің атынан ұйымдастырылған ресми қабылдауға қатысумен аяқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапарының алғашқы күнінен қорытындыны мына жерден оқуға болады.

Другие новости

Back to top button