Алматы

Бәріне әкесі кінәлі»: Алматыда 7 жасар өгей қызын ұрып өлтірді деп айыпталған әйел түсініктеме берді

Алматыда жеті жасар Каринаны асқан қатыгездікпен ұрып өлтірді деп айыпталған әйел бар кінәні қыздың әкесіне артып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТКтелеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Сотта айыпталушы Балжан Тұрлыбекова өгей қызы туған әкесінің қолынан қаза тапқанын айтты. Атышулы іске қатысты кезекті сот отырысында күдікті әйел азаматтық некедегі күйеуін жамандаумен болды.

“Карина дәретін жіберіп қойып әкесі оны жуындыруы керек болған. Мен оған «тек ұрма» дедім. Үй жинап жүріп ваннадан бір дыбыс шықты. Барып қарасам, Карина ваннаның ішінде ісініп, қорылдап жатыр. Жуындырып бөлмеге апарып жатқыздым. Мен тек оны талып қалған екен деп ойладым. Өліп қалады деген ой болмапты”, – деді айыпталушы Балжан Тұрлыбекова.

Айыпталушы күйеуінің қылмысын жасырмай, әу баста шындықты айтуым керек еді деп өкінеді.

Еске салсақ, өткен жылдың шілде айында Алматыда 7 жасар өгей қызын ұрып өлтірді деген күдікпен қоғам белсендісі Балжан Тұрлыбектің қамауға алынғаны туралы жазған ед

Другие новости

Back to top button