Культура

Баласы шетінеп кеткен Бүркіттің қарындасын екінші күйеуі үйінен қуып шықты

Қалың көпшілік актриса әрі блогер Әсел Асқарды әнші Бүркіттің қарындасы ретінде жақсы таниды. Былтыр кішкентай ұлынан айырылған Әсел шетінеп кеткен бөбектің әкесімен, яғни екінші күйеуімен ажырасқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Әсел Асқардың айтуынша, күйеуі Айбек қиын кезде қолдау көрсетпеген. Шетінеген баланың қырық күні өтпей жанжал шығарып, қайғыдан қан жұтқан ананы үйінен қуып шығыпты.

Бастапқыда бірнеше рет үндемедім, себебі оған шай әзірлеп беретіндей күшім болған жоқ. Баланы жерлеген соң 40 күн жылап отырғанда, ол мені қолдамады. Керісінше үйден қуып шықты. Бұл қайғы ортақ қой. Меніңit, бұл — нағыз қатыгездік. Өте ауыр тиді,

— деді Әсел Асқар «MOM’sкий әңгіме» жобасында.

Дәл осы жағдайдан кейін Әсел екінші күйеуімен ажырасып кеткен. Қазіргі таңда бұрынғы ерлі-зайыптылар өзара қарым-қатынасын толықтай үзген. Блогердің айтуынша, бүгінде экс-жолдасы басқа қыздармен кездесіп, сауық-кештерде көңіл көтеріп жүрген көрінеді.

Фейсбук парақшамызға кіріп, пікір қалдырыңыз, сынаңыз, ұсыныңыз

Біздің телеграм каналымызға жазылыңыз және жаңалықтарды қадағалаңыз

Другие новости

Back to top button