Социум

Бактериясы бар өнім болып шықты: Әйел балық жеймін деп, аяқ-қолынан айырылды

Калифорниялық 40 жастағы Лаура Барахас базардан сатып алынған балық тилапияны жегеннің кесірінен аяқ-қолынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі New York Post сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

 

Лаура Сан-Хосе базарынан балық сатып алған. Оны пісіріп, жегеннен кейін бірнеше күннен соң өзін нашар сезіне бастаған.

Әйелдің аяқ-қолдары, төменгі ерні қарайып, бүйректері істен шыққан.

«Ода сепсис басталды. Дәрігерлер оны өмірді құтқару үшін дәрі-дәрмек екті», – дейді әйелдің жақындары.

Науқасты тексеру кезінде дәрігерлер оның Vibrio vulnificus бактериясын жұқтырғанын анықтады. Бұл –  ет жейтін бактериялар. Денеге енгеннен кейін олар тез тарап, тері астындағы тіндерді, тамырларды, нервтерді және теріні жейді. Симптомдары бір күннен соң пайда болады. Бұл ауру ресми түрде некротикалық фасциит деп аталады.

Vibrio vulnificus көбінесе су, денедегі жара, шала пісірілген теңіз өнімдері арқылы жұғады. Адамның ішіне түссе, жүрек айну, құсу, диарея симптомдары байқалады.

Лаураның отбасы аурудың себебі ол сатып алған балық екенін білді.

Жәбірленушінің туыстары оның ауруханада бір айдан астам уақыт болғанын айтты. Дәрігерлер ауруды тоқтату үшін оның екі қолы мен екі аяғын кесіп тастады. Көп ұзамай Лаура тағы бір ампутациядан өтуі керек.

Жыл сайын әлемде Vibro vulnificus инфекциясымен 150-200 адам ауырады. Әрбір бесінші науқас мерт болады.

Другие новости

Back to top button