Назначения и отставки

Азат Сұлтанов ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Азат Сиражиддинұлы Сұлтанов ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Kazinform ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Азат Сұлтанов 1984 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Қазақ гуманитарлық заң университетін, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы жеке меншік компанияда заңгер болып бастаған.

2007-2010 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Заң басқармасының жетекші маманы, сарапшысы.

2010 жылы ҚР АШМ АӨК Инновациялық саясат және жоғары білім басқармасының бас сарапшысы болып жұмыс істеді.

2010-2012 жылдары – ҚР ауыл шаруашылығы министрінің көмекшісі.

2012-2014 жылдары – ҚР АШМ Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары.

2014-2015 жылдары – ҚР АШМ Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті директорының орынбасары, директоры.

2015-2016 жылдары – ҚР АШМ Халықаралық ынтымақтастық және экономикалық интеграция департаментінің директоры.

2016-2017 жылдары – ҚР АШМ Тамақ қауіпсіздігі департаменті директорының орынбасары.

2017-2018 жылдары – ҚР АШМ Ғылыми-технологиялық және техникалық саясат департаментінің директоры.

2018-2021 жылдары – ҚР АШМ Егіншілік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры.

2021 жылдан 2023 жылға дейін ҚР АШМ Егіншілік шаруашылығы департаментінің директоры қызметін атқарды.

2023 жылғы қазан айынан бастап ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды.

Другие новости

Back to top button