Назначения и отставки

Ауыл партиясының төрағасы Әли Бектаев қызметінен кетті

Бұл туралы оның партияласы Қарақат Әбден әлеуметтік желіге жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қарақатт Әбденнің жазуынша, бүгін Ауыл халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Әбдікәрімұлы Бектаев өз еркімен қызметінен кеткен. Бектаев өз ұсынысымен ашық дауыс беру арқылы төраға қызметіне Мәжіліс депутаты Серік Егізбаев тағайындалған. Егізбаев Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы, вице-министр қызметін атқарған. 2023 жылдың наурызынан бастап сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. «AУЫЛ» партиясы фракциясының мүшесі. Бұл жаңалық партияның кезектен тыс ХХІІІ съезінде мәлім болған.

– Әли Әбдікәрімұлы Бектаевқа өз атымнан және партиялас әріптестерімнің атынан үлкен алғысымызды білдіре отырып, мықты денсаулық, отбасы амандығын және шығармашылық табыс тілеймін. «Ауыл» партиясының өркендеп-даму жолында атқарған 8 жылдық зор еңбегіңізді атап айтқым келеді. Маңызды бастамалар көтеріліп, жарқын жобалар жүзеге асты. Ал Серік Рахметоллаұлы Егізбаевқа тек сәттілік және партиямыздың ұранына айналған «басты құндылықтар: руханилық, адалдық, теңдік, ынтымақтастық» жолында толағай табыстар тілеймін! – деп жазады Әбден.

Другие новости

Back to top button