Ғылым және техника

АСТАНАДА PRO.NRG FEST ҮЛКЕН ҒЫЛЫМИ ОТБАСЫЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

2023 жылдың 9 қыркүйегінде Астанада PRO.NRG FEST — балалар мен ересектерге арналған ғылым, өнер және технологиялар фестивалі өтеді.
PRO.NRG FEST-те мектеп оқушылары мен ата-аналар білімқұмар зерттеушіге айналады. Ғалымдар фестивальде күрделі нәрселерді қарапайым тілмен түсіндірсе, мұғалімдер балалардың сабағын жарқын, қызықты және тартымды ету жолдарын айтып береді.

PRO.NRG FEST Қазақстандағы ең ірі ғылыми-танымал фестивальдердің біріне айналды. Бұл барша отбасы мүшелерін қамтитын ағартушылық шара былтыр алғаш рет өтті және оған 6 мыңнан астам көрермен келді.

СІЗДІ ФЕСТИВАЛЬДЕ НЕ КҮТЕДІ:

• ғылым мен технология, заманауи өнер мен білім беру трендтері туралы қызықты ғылыми дәрістер
• ғылыми шоулар мен квесттер
• өз қолыңызбен жасалатын эксперименттер
• қазақстандық ғылым және білім жұлдыздарымен кездесулер
Фестивальдің идеясы үйреншікті құбылыстардың түбіне үңіліп, ғылымның әрқашан қасыңызда екенін көру болып табылады.

“Қарапайым заттар мен құбылыстардан химияны, технологияны, тарихты және тағы басқаларын қалай табуға болады? Бұл қарапайым заттар қандай принциппен жұмыс істейді деген сұрақтың төңірегінде ойланып көрейікші. Олар біздің өмірімізде қайдан пайда болды? Ғалымдар, өнертапқыштар және мұғалімдер үйреншікті нәрсеге терең үңілуге көмектеседі. Олар бізге күнделікті өмірде қарапайым шешімдерді табуды және Ғаламның жұмбақтарына жауап іздеуді үйретеді».

PRO.NRG FEST Қазақстанда STEAM-білімін дамытатын «Caravan of Knowledge» білім беру қорының бастамасы бойынша өткізіледі. «Шеврон» компаниясы осымен екінші рет фестиваль серіктесі болып отыр. Бұл компания ғылымға, жаңа технологияларға және тиімді білім беру шешімдеріне деген қызығушылықты арттыратын бағдарламаларды жүйелі түрде қолдайды.

S — science (ғылым), T — technology (технологиялар), E — engineering (инженерия), A — art (шығармашылық) және M — mathematics (математика). Бүгінгі таңда STEAM-білімі пәнаралық және қолданбалы тәсілдерді қолдануға, сондай-ақ барлық бес пәнді бірыңғай оқыту схемасына біріктіруге негізделген.

«Биылғы фестивальдің идеясында біз болашақ әлемінде жаңа мәндер мен бағдарларды табуға басымдық бердік. Ғылым мен ғылыми сана бәріміз үшін осындай бағдарларға айналуы мүмкін. Өткен жылы біз мектеп оқушылары, ата-аналар мен мұғалімдер үшін STEAM-білімін беру мүмкіндіктерін бөлектеу маңызды деп санасақ, қазір оларға табиғаттағы заттардың жан-жақтылығы мен күрделілігін көрсетіп, қоғамның дамуы — бұл ғалымдар мен мұғалімдердің еңбегі екенін жеткізгіміз келеді.

PRO.NRGFESTфестивалініңаудиториясыөтетереңойшылжандар, осыкүндібізбенөткізгенәрбір адам жаңартылған мән мен білімнің тасымалдаушысы болатынына сенімдіміз», — деді «Caravan of Knowledge» қорының басшысы Зарина Биюмбаева

PRO.NRG FEST ФОРМУЛАСЫ — ОТБАСЫНЫҢ ӘРБІР МҮШЕСІНЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА БІЛІМ

Фестивальде балаларға арналған интерактивті аймақтар құрылады, онда олар экспериментатор болады. Геймификация форматында олар робототехника, инженерия және ғылыми шығармашылықпен айналысады. Ал ең белсенді қатысушылар «джоулиге» ие болып, оларды ақылды сыйлықтарға айырбастай алады.

Артур Гайдук — астрономия мектебінің негізін қалаушы, ғарышты дәріптеуші, Жерге ұқсас ғаламшарды табамыз ба, жоқ па, соны айтады.

Шах-Мұрат Ордабаев — дубляж актері, әрі режиссері, Disney және Marvel кейіпкерлерінің кинода біз сенетіндей етіп қазақ тілінде қалай сөйлегенін көрсетеді.

Пол Лэндман — Испаниядан келген математик, интерактивті ғылыми шоу өткізеді және балаларға математиканы қарапайым нәрселермен қалай түсінуге болатынын түсіндіреді.

Жасөспірімдерге болашақтағы мамандықтар туралы көбірек мағлұмат беретін дәрістер мен шеберлік сағаттарын жинақтадық. Олар сондай — ақ IT-ден киноиндустрияға дейінгі әртүрлі салалардағы мықты мамандармен кездеседі.

Ұлан Үсенов — жұлдызды химия мұғалімі, әрі танымал ТикТокер, әдепкі химия сабақтарындағы эксперименттерге мүлдем ұқсамайтын керемет химиялық шоуды көрсетеді.
Санжар Мырзағалым — Microsoft Kazakhstan компаниясының IT-архитекторы, нейрожелілермен достасуға және бүгінгі күні жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалануға көмектеседі.

Рүстем Ермеков- Орталық Азияның үздік IT-педагогы, инженер, Forbes 30 under 30 көшбасшылар рейтингінің қатысушысы «Неліктен қателіктер — оқудың қалыпты бөлігі болып табылады? Сәтсіздіктен кейін зымыранша атылудың сыры» атты шабыттандыратын дәріс өткізеді.

Ата-аналарға сараптамалық дәрістер дайындалды және мамандардан ең өзекті сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік болады. Балаңыздың даму траекториясын қалай құруға болады? Қазіргі білім берудегі трендтер қандай? Баланың қызығушылығын ескере отырып, оның назарын қайда бағыттау керек?

Ғабит Бекахметов — Қазақстандағы білім саласының сарапшысы, НЗМ, РФММ, БИЛ тәжірибесінің зерттеушісі, білім берудегі жаңа парадигмалар туралы айтып береді.

Пакизат Сайлаубекова — эколог және эко-кеңесші балалар мен ата-аналарға күнделікті өмірге жасыл әдеттерді енгізудің қаншалықты оңай және қызықты екенін айтады.
Нұрлан Қиясов — EdCrunch On Demand конференциясының бағдарламалық директоры, алдағы онжылдықта мектептегі білім берудің қандай трендтері ашылатыны туралы айтып береді.

Педагогтар үшін біз жаңа мансаптық шыңдарды ашуға көмектесетін педагогикалық шеберлік мамандарын шақырдық.
Аяш Мырзабекова — әдіскер мұғалім, әріптестеріне педагогикалық дизайнер болуды үйретеді. Нұрлан Иманғалиев — Ustaz Кәсіптік оқыту орталығының академиялық директоры, мұғалімнің кәсіби дамуы туралы: неліктен мұғалім өмір бойы оқуы керек деген тақырыпта дәріс өткізеді. Д-р Раймо Сало — Оулу университетінің (Финляндия) мұғалімдерді даярлау мектебінің сарапшысы, педагогикалық білімнің қалай реформаланатынын айтып береді.

МҰҒАЛІМДЕР ЕМЕС, ЖҰЛДЫЗДАР
PRO.NRG FEST фестивалі – Қазақстан мектептерінде STEAM көмегімен шығармашылық пен зерттеуге жол ашқан креативті, жаңашыл мұғалімдер туралы көбірек білуге болатын алаң. Олар оқу процесі қызықты да, тиімді болуы үшін ең озық білім беру технологияларын қолданады.
Сондықтан биыл фестиваль аясында Science on Stage Europe ұлттық кезеңінің финалы өтпек. Бұл

әлемнің түкпір-түкпірінен келген мұғалімдерге арналған халықаралық фестиваль, онда олар ғылыми пәндерді оқытудағы озық тәжірибелерімен бөліседі. Байқаудың Қазақстандағы кезеңін «Caravan of Knowledge» қоры мен «Шеврон» компаниясы бірлесіп ұйымдастырды.

PRO.NRG FEST-те Финляндияның Турку қаласында өтетін Science on Stage Europe жаһандық финалына біздің елдегі педагогтер қауымының атынан қатысатын жеңімпаздардың есімдерін білесіз.

БИОАРТ — ҒЫЛЫМ МЕН ӨНЕРДІ ТОҒЫСТЫРУ
PRO.NRG FEST фестивалінде келушілерді интерактивті көрсетілімдер, өнер мен ғылым тоғысындағы шеберлік сағаттары күтеді.
Art&Science секциясында қазақстандық суретшілер мен креаторлардың биоарт көмегімен ғылымды қалай бейнелейтінін және жандандыратынын көруге болады. Бұл бағыт күрделі әзірлемелердің, идеялар мен тұжырымдамалардың эстетикасы мен сұлулығын көруге және ғылымды тура мағынасында ұстап көруге көмектеседі.
Фестивальдегі ART резиденциясын ұйымдастырушы — YEMAA заманауи өнер орталығы. Бұл 2021 жылы Атырау қаласында құрылған көпсалалы ашық кеңістік. Орталық жұмысының негізгі бағыты — заманауи мәдениет – әдебиет, поэзия, бейнелеу өнері, музыка, ғылым және кино, сондай-ақ суретшілердің мансаптағы мүмкіндіктерін қолдау болып табылады.

FIRST® — ОТБАСЫҒА АРНАЛҒАН КЕРЕМЕТ РОБОТ ОЙЫНДАРЫ
Фестивальде Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген робототехника командалары арасында ұлттық кезеңнің финалы өтеді. Жеңімпаздар әлемдік біріншілікте еліміздің атынан өнер көрсетеді. FIRST® Global Challenge-ге жыл сайын әлемнің 160-тан астам елінен командалар келеді. Бұл робототехника бойынша олимпиадалық форматтағы халықаралық жарыс. FIRST® балаларды ғылым мен технологияда көшбасшы және жаңашыл болуға шабыттандырады, оларды қызықты бағдарламаларға тарта отырып ғылым, инженерия, технология және әлеуметтік дағдылар саласындағы дағдыларды дамытады. 2022 жылы өткен маусым Қазақстан үшін жеңісті болды. Құрама команда 3 алтын медальді жеңіп алып, рейтингте көш бастады.

PRO.NRG FEST 2023 жылғы 9 қыркүйекте Астана қаласы, Б.Момышұлы даңғылы 5 мекенжайында орналасқан Оқушылар сарайында, білім беру шарасы форматында өтеді.
PRONRG.KZ сайтында ТІРКЕЛГЕНДЕРГЕ КІРУ ТЕГІН.

Фестиваль туралы мәліметтер Instagram және Facebook сайттары мен парақшаларында
Байланыс деректері: + 7 701 721 1117 Айжан Мадиходжаева
PRO.NRG FEST фестивалі туралы фотосуреттер мен виджуалдарды жүктеп алыңыз

Анықтама үшін
“Шеврон” әлемдегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі болып табылады. Біз сенімді, қол жетімді және таза энергия әлемнің гүлденуі мен тұрақты болашағы үшін қажет деп санаймыз.
«Шеврон» мұнай мен табиғи газ өндірумен, ЖЖМ, мұнай-химия өнімдері мен қоспалар дайындаумен айналысады және осы сала мен бизнесімізді дамытатын технологияларды әзірлейді. Біздің мақсатымыз — кәсібіміздегі көміртек құрамын азайту және дәстүрлі бағыттарымызбен қатар бизнестің аз көміртекті бағыттарын дамыту болып табылады. «Шеврон» компаниясы туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com таба аласыз .
«Caravan of Knowledge» корпоративтік қоры Қазақстанда STEAM-білімін дамытумен, мұғалімдерді кәсіби дамытумен, білім шекараларын кеңейте отырып оқушыларды икемді және кәсіби дағдыларға үйретумен айналысады.

Другие новости

Back to top button