Социум

Астана күніне орай қазақстандықтар неше күн демалады

1 шілдедегі сенбіден демалыс күні 7 шілдедегі жұмаға ауыстырылды

Үкіметтің 2023 жылғы 25 сәуірдегі «Демалыс күнін 2023 жылға ауыстыру туралы» қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Құжатқа сәйкес, 2023 жылғы 1 шілдедегі сенбіден демалыс күні 2023 жылғы 7 шілдедегі жұмаға ауыстырылды.

Осылайша, Астана күні қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында 6, 7, 8 және 9 шілдеде демалады. Бұл ретте 1 шілде жұмыс күні болады.

Алты күндік жұмыс аптасында демалыс күндері 6, 7 және 9 шілдеге келеді.

28 маусым – Қазақстанда Құрбан айттың бірінші күні.

Другие новости

Back to top button