Госорганы

Арыстанбек Мұхамедиұлы «Дипломат» қонақүйін рейдерлік жолмен тартып алды деген күдікке ілінді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экс-мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлын «Дипломат» қонақүйін үшінші тұлғаларға қайта жазуға және 111 млн теңге сомасында залалды өтеуге мәжбүрледі деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Бұған дейін тергеу барысында Арыстанбек Мұхамедиұлы өзіне қатысты істің тек ақша алу үшін, бірінші кезекте «Дипломат» қонақ үйі үшін қозғалғанын мәлімдеген.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері тарапынан туыстарымның «Дипломат» қонақ үйін өзге адамдардың атына аударуын бірнеше рет ұсынды», – деді ол.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет БАҚ-та тараған бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

“Мұхамедиұлына 221 миллион теңге жымқырды деген айып тағылып, оның қатысы жиналған дәлелдемелермен расталды, іс-әрекеттердің біліктілігі прокуратура органдарымен келісілді. Оның әрекеттеріне қорытынды бағаны сот береді. Сонымен қатар тергеу барысында жауапкершілікті жеңілдету мақсатында ол мемлекет кірісіне айналдырылған 111 млн теңге сомасындағы залал ішінара өтелді”, – делінген хабарламада.

Агенттік ұсынған деректерге сәйкес қазіргі уақытта Мұхамедиұлының «Дипломат» қонақ үйін рейдерлік жолмен басып алды деген күдікке ілініп, қосымша эпизод бойынша тергеу аяқталыпты.

“Осыған байланысты Мұхамедиұлы аталған мән-жайлар бойынша сот пен жұртшылықты адастыру арқылы жауапкершіліктен жалтару мақсатында жалған ақпарат таратты. Жала жабу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастау туралы мәселе шешіліп жатыр. Азаматтардан тек ресми көздерден алынған объективті деректерге сенуді сұраймыз”, – деп қосты агенттік өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін сот Арыстанбек Мұхамедиұлының үйқамаққа жіберу туралы өтінішін қабылдамаған еді. Экс-министр сот отырысында екінші ота жасалғанын және денсаулығы күннен-күнге нашарлап бара жатқанын айтқан.

Другие новости

Back to top button