ГлавноеКарагандинская область

«АрселорМиттал Теміртауда» тағы да газ құбыры опырылып түсті

Оқиға бүгін таңғы сағат 6:10-да болған

«АрселорМиттал Теміртауда» газ құбыры опырылып түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға бүгін, яғни 18 қаңтарда таңғы сағат 6:10-да болған.

«Тікелей коксты газ құбыры опырылып түсті. 20 метр болатын аумақ зақымдалды», — делінген хабарламада.

Оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Қазіргі кезде төтенше жағдайдың себептері анықталып жатыр.

Еске салайық, 13 қаңтарда «АрселорМиттал Теміртау» ЖЭО аумағында газ құбыры опырылып түскен болатын.

Другие новости

Back to top button