ГлавноеГосорганы

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының орнына ресейлік компания келе ме — Скляр жауап берді

Ол ешқандай келіссөз жүргізілмегенін айтты

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының орнына ресейлік компанияның келетіні туралы мәліметке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Олай емес, Ресей компанияларынан ешкім келіссөз жүргізіп жатқан жоқ. Тағы да түсіндіріп айтайын, ешқандай да келіссөз жүріп жатқан жоқ», — деді бірінші вице-премьер Ақордада.

Сондай-ақ Роман Скляр әзірге инвестор қай елден келетінін айту ерте екенін атап өтті.

«Иә, шынымен де, компания қондырғыларды жөндеу, инвестициялар бойынша міндеттемелерін кешіктіріп жатыр. Кәсіпорында адам қазасымен байланысты қайғылы оқиғалар болып жатыр. Оның бәрі бізді алаңдатпай қоймайды. Сондықтан өндірісті дамытуға ақша құйып, тиімді жұмыс істей алатын өзге инвесторларды тарту бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр. Оның ішінде еңбек қауіпсіздігі – негізгі басым бағыт. Қазір қай елдің инвесторлары келуі мүмкін екенін айта алмаймын, әлі ерте», — деді бірінші вице-премьер.

Еске салсақ, осыған дейін «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы ресейлік «Северсталь» компаниясына өтетіні жайлы ақпарат тараған еді.

Другие новости

Back to top button