Ақша

«Арақ-шарап кірмейді»: Қазақстанда халық азық-түлікке табысының қанша пайызын жұмсайды

Бұл мәселе жөнінде Сенат кулуарында премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин айтты. Ол «халық табысының жартысын азық-түлікке жұмсайды» деген сөзбен келіспейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖҰМАНҒАРИН НЕ ДЕЙДІ

– Бұл өте маңызды. Себебі кейбіреулер шатастырады. Бүкіл ақшаның, тапқан табыстың жартысы азық-түлікке кетеді дейді. Ол дұрыс емес. Тұтынушылық шығындардың 50 пайызы ол азық-түлікке кетеді. Оны біз жасырмаймыз. Ал тұтынушылық шығындар – біздің тапқан табыстардың 50 пайызы. Себебі біз тек қаражатты тұтынушылық шығындарды азық-түлікке жұмсамаймыз ғой. Кредиттер бар, бала-шаға, қарыздарымыз бар. Оқу бар. Сол себепті табыстың қазір 22,2 пайызын біз азық-түлікке жұмсаймыз. Арақ-шараптар кірмейді, – дейді ол.

Сенаттағы тыңдауда Серік Жұманғарин 2022 жылы халықтың номиналды ақшалай табысындағы азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға жұмсалатын шығындардың үлесі 23,4% құрағанын айтады. 2023 жылы бұл шығын 22,2% дейін төмендеген. Оның 8%-нан — тоқаш өнімдері мен жарма, шамамен 17% — ет, 5% — сүт және сүт өнімдері, 4% — көкөністер, жемістер, қант және кондитерлік өнімдер.

ИМПОРТҚА ТӘУЕЛДІЛІК

Ресми есепке сүйенсек, Қазақстан азық-түлікпен 80%-дан 100%-ға дейін өз-өзін қамтамасыз етеді. Оның сөзінше, ет, сүт, жұмыртқа, көкөніс, ұн – бұлардың барлығы ішкі нарық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті көлемде өндіріледі. Алайда бірқатар тауар бойынша импортқа тәуелділік сақталып отыр (құс еті – 73%, шұжық өнімдері – 60%, балық – 54%, ірімшік және сүзбе – 57%, қант – 42% – ресми есеп).

Другие новости

Back to top button