Павлодарская область

Ақын өтті дүниеден…

Бейсенбіден жұмаға қараған түні ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Қани дүниеден озды. Қайғылы қаза туралы ҚР Жазушылар одағы Павлодар облысы филиалының директоры Жарқынбек Амантай жазды.

Бүгін бейсенбіден жұмаға қараған түні күрескер ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Арман Қани ағамыз дүниеден өтті деген суыт хабар келіп жетті.

Ұзаққа созылған ауыр науқас қайсар рухты ағамызды ақыры жеңген екен…

Алланың сызған тағдырына амал жоқ!

Алты Алашқа, қазақ еліне қайғырып көңіл айтамыз! – деп жазды Жарқынбек Амантай.

Қазақтың көрнекті қаламгері Арман Қани 1954 жылы 22 ақпанда Павлодар қаласында туған. Ақынның «Ар алдында» (Павлодар, «ЭКО» – 2001 ж.), «Қызыл түнектегі ақ бұрқақ», «Тамшылар» (Павлодар, «ЭКО» – 2004 ж.) «Шындықпен бетпе-бет» (Алматы, «Қазақпарат» – 2006 ж.), «Жұлдызды тұман» (Павлодар, «Кереку» – 2008), «Сен және мен» (Астана, «Фолиант» – 2012), «Үйлесім» (Павлодар, «Brand print» – 2014) жыр жинақтары жарық көрген.

Другие новости

Back to top button