Актюбинская область

Ақтөбеде қасқырды шынжырмен ұрып-соққан ер адамның кім екені анықталды

Оған қатысты «Жануарларға қатыгездікпен қарау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Ақтөбе облысының полицейлері әлеуметтік желілерді талдау барысында бейнежазбада қасқырды шынжырмен ұрып-соққан ер адамды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Ырғыз ауданы ПБ-нің қызметкерлерімен ауданның 37 жастағы тұрғыны анықталды. Ұсталған адам қасқыр оның малына шабуыл жасамақ болған, ол қасқырды мотоциклімен қуып жетіп, шынжырмен өлтіргенін түсіндірді», — делінегн хабарламада.

Ауыл тұрғынына қатысты ҚР ҚК 316-бабы 3-бөлігіне сәйкес «Жануарларға қатыгездікпен қарау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Другие новости

Back to top button