Актюбинская область

Ақтөбеде демалыс орталығында болған қайғылы оқиғаға қатысты жаңа ақпараттар белгілі болды

Ақтөбеде қарда жүретін көлік қаққан бес адам ауруханада жатыр. Дәрігерлер жансақтау бөліміндегі 16 жастағы қыздың жағдайына алаңдаулы, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

 

Жасөспірімнің жамбасы сынып, өкпесі зақымданған. Одан өзге тағы үш бала мен ересек адам басынан жараланып, сүйектері сыныпты. Ал көлікті тізгіндеген 9-сынып оқушысы тергеліп жатыр.

Көлік қас-қағым сәтте көлік 7 адамды қағып кетті. 40 жастағы әйел сол жерде тілге келмей көз жұмған. Ал 49 жастағы ер адам және бес бала түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Қайғылы оқиға тап осы жерде болған. Қазір бұл жерді жинастырып ретке келтіріп қойған. Десе де қарда жүретін көліктің бөлшектері әлі жатыр.

Жәбірленушілер ауруханада. Оның біреуі 1,5 жаста. Дәрігерлер науқастардың жағдайы орташа ауыр дейді. Ал 16 жастағы қыз баланың жағдайы ауыр, ол жаңсақтау бөлімінде жатыр.

“Үш науқас травматология бөлімінде жатыр. Балалардың жалпы жағдайы тұрақты. Диагноздары бас ми жарақатын алған. Толық емді алып жатыр. Бір науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Жалпы жағдайы қыздың ауыр, тұрақты. Жамбасы сынған. Бас ми жарақатын алған”, – дейді облыстық ана мен бала денсаулығын қорғау орталығының бас дәрігері Ербол Жапақов.

Қарда жүретін көлікті 9-сынып оқушысы тізгіндеген. Көлік жасөспірімнің ағасына тиесілі болып шықты. Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Тергеп- тексеру амалдары жүріп жатыр.

“Қарда жүретін көлік осы көлікті басқарған баланың туысына тиесілі екені анықталды. Аталған факті бойынша Ақтөбе облысының полиция департаментімен ҚР ҚК-тің 345 бабы, үшінші бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалы жүргізілуде”, – дейді облыстық пд баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ақтөбеде қысқы демалысқа арналған осындай 21 демалыс орны бар. Оларда қауіпсіздік шаралары қаншалықты сақталатыны туралы ақпарат жоқ.

Другие новости

Back to top button