Актюбинская область

Ақтөбеде ана мен баланы өлтірді деп қамалған күдікті өз-өзіне қол жұмсады

Ақтөбеде «35 жастағы әйел мен оның 16 жастағы ұлын өлтірді» деп күдікке іліккен адам тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсады. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Ақтөбе қаласындағы пәтерлердің бірінде әйелді баласымен қоса бір түнде пышақтап өлтіріп кеткен күдіктіні ұстау операциясы аптаға созылды. Кейін полиция күдіктінің ұсталғанын, тергеу абақтысына қамалғанын хабарлады. Ал, күдікті ҚАЖД тергеу изоляторында көз жұмды.

«Күдіктінің денесін мекеме қызметкерлері түн ішінде тапты. Кезекші қызметкерлер бірден жедел жәрдем шақырды. Жан-жақты көмек көрсетілгенімен, аман алып қалу мүмкін болмады. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі күдіктінің өлімін тіркеді. Оқиға орнына жедел тергеу тобы келді. Қылмыстық кодекстің «Өзін-өзі өлтіруге жеткізу» бабы бойынша іс тіркеліп, тергеу жүріп жатыр. Қазір қызметтік тексеру де басталды. Оның нәтижесіне қарай заң аясында шешім қабылданады», — деп хабарлады ҚАЖД баспасөз қызметі.

Другие новости

Back to top button