Актюбинская область

Ақтөбе облысының әкімі жол апатынан зардап шеккен балалардың ата-аналарымен кездесті

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов жол апатынан зардап шегіп, қажетті ем алып жатқан 8 баланың жағдайын білу үшін облыстық балалар ауруханасына барды.

Облыстық балалар клиникалық ауруханасында өңір басшысына жан сақтау бөліміндегі бес баланың жағдайы туралы баяндалды. Барлығы тұрақты ауыр жағдайда.
Үш баланың жағдайы орташа, олар хирургиялық бөлімде ем алуда.
Балалардың ата-аналарымен кездескен өңір басшысы зардап шеккендерге жан-жақты медициналық көмек көрсетілетінін және олардың жағдайы тәулік бойы бақылауда екенін жеткізді. Аурухана барлық қажетті құрал-жабдықтармен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген.
Ералы Тоғжанов денсаулық сақтау басқармасының басшылығына балаларға жоғары білікті медициналық көмек көрсетуді тапсырды. Қажет болған жағдайда Астана қаласынан мамандар шақырылады.

Другие новости

Back to top button