Мангистауская область

Ақтауда мысықтың басына секіріп жазым қылған ер адам қамауға алынды

Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалған

Ақтауда мысықтың үстіне секірген ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалған.

«Аталмыш дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы 1-бөлігі «Жануарларға қатыгездікпен қарау» бойынша тіркелген», — делінген POLISIA.KZ Telegram-арнасындағы хабарламада.

Еске салсақ, 4 қазанда сағат 22.00 шамасында Ақтаудағы 6-шағынаудандарда ер адам көшеде келе жатып, бейқам тұрған үй мысығының басына бар күшімен секіріп, жазым қылған.

Бейнекамераға түсіп қалған оқиғаның видеосы желіде тарап, қазақстандықтардың ашу-ызасын туғызған. Желі қолданушылары жазықсыз жануарды жәбірлеп, қорлаған ер адамды жауапқа тартуды талап еткен.

 

Другие новости

Back to top button