ГлавноеГосорганы

Ақпарат министрлігі журналист Сандуғаш Дүйсенова ісіне қатысты пікір білдірді

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі журналист Сандуғаш Дүйсеноваға құқықтық көмек көрсетуге дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

«Журналист Сандуғаш Дүйсенованың ұсталғаны расталды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі оқиға болған сәттен ішкі істер органдарына хабарласып, мәселенің мән-жайын білді. Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Сандуғаш Талдықорғанда жеке өмір мәліметтерін тарату туралы арыз бойынша ұсталып, ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхатпен шығарылған. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Министрлік мәселені назарда ұстайды және журналиске қандай да құқықтық көмек көрсетуге дайын», — деп жазды министрліктің баспасөз хатшысы Нұрбек Амиша Facebook желісінде.

Еске сала кетейік, 11 тамызда жетісулық журналист, азаматтық белсенді Сандуғаш Дүйсенова ұсталған еді.

Оған ҚР Қылмыстық кодекстің 147-бабы 5-бөлігі бойынша айып тағылған. Бұл бапта адамның жеке өмірі туралы ақпаратты таратқандарға жаза қарастырылған.

Кейін босап шыққан журналист өзін полицейлер бөлімшеде шешіндіріп, видеоға түсіргенін жеткізді.

Осыған орай Жетісу облыстық ПД мәлімдеме жасап, неліктен видеоға түсіргенін түсіндірді.

 

 

Другие новости

Back to top button