Социум

Әперемін: мәһрге Cobalt көлігін сұраған қалыңдықтың бақыттан басы айналды

Әлеуметтік желіде неке қиюға келген жас жұбайлардың мешіттегі оқиғасы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әдеттегідей, неке қиюдың шарты бойынша имам қалыңдықтан «мәһрге не қалайсыз?» деп сұраған еді. Қалыңдық «Cobalt көлігі» деп жауап берді.

Күйеуі “көлікті алып беремін” деп серт берді.

Желі қолданушылары түрлі пікір жазып, ойларымен бөлісуде.

«Қыздарда ұят жоқ қой», «Дым көрмегендей неге сонша дүние сұрайсыздар?», «Молдалар мәһр туралы сұрауды қойсын», «Мәһрді ойыншық көретіндер көбейді», — деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Енді бірі:

“Адамда қанағат деген болу керек. Ерде етпен сүйектен жаралған, сұра десе қомақты зат сұраудың қажеті жоқ. Меніңше ер азамат не ұсына алады, соны ұсынсын деу абзалырақ. Себебі үймен әшекей сынды заттар, ақыретке азық бола алмайды”, – деген пікір қалдырыпты.

Другие новости

Back to top button