Павлодарская область

«Анасы үнемі ұратын»: Екібастұзда 7 жасар Милананың денесі жер қойнына тапсырылды

Еріктілер анасының қызға тірі кезінде де тыныштық бермегенін айтты

Екібастұзда анасы өлтірген жеті жасар бүлдіршінді жерледі. Милана Давыдовамен қоштасуға келген еріктілер қылмысқа барған келіншектің жауыздық әрекетін жайып салды. Безбүйрек ана қаршадай қызға тірісінде де тыныштық бермепті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Жерлеу рәсімін өткізуді оқушының нағашылары мойнына алған. Бірақ туыстарының ешкіммен ашылып сөйлесуге зауқы жоқ. Есесіне еріктілер қолдау көрсетіп, іздеу кезінде және бүлдіршіннің мәйіті табылған сәттегі жайтты айтып жүр. Олардың сөзінше, безбүйрек ананың қызына қатал қарағанын екі бауыры айтып беріпті. 6 және 9 жастағы ұлдарына саусағының ұшын да тигізбеген. Ал Милананы үнемі аямай сабаған көрінеді.

Қылмыс болатын күні де ұлдарын көршісіне апарып тастап қызын ұрып өлтірген. Артынша ашынасына айтып, мәйітті үйілген қоқыс арасына көмдіріп тастаған. Баласының жоғалғанын айтып, сосын жұрттан көмек сұрапты. Қазір күдікті келіншек сыбайласымен бірге қамауда отыр. Екі баласын бейімдеу орталығына алып кетті. Милананы атасы мен әжесінің жанына жерледі.

«Үлкен ұлы Милананы анасы үнемі ұратынын айтты. Бауырларының біреуі алты жаста, екіншісі тоғызда. Оларды бірден алып кетті. Ал анасы қызын «неге өлтірдің» деген сауалға тергеушілерге «балаларым шаршатты, ешкімді тыңдамайды» деп ақталған. Баланы сол үшін өлтіруге бола ма?», — дейді ерікті Олеся Каноненко.

Другие новости

Back to top button