Социум

“Анам көрсе жылайды”: Қазақстандық келіншек АҚШ-қа заңсыз кіру үшін алты мемлекттен өткен

Алматылық Ақбота Нұрланова биыл екі баласын алып Латын Америкасы елдері арқылы АҚШ-қа заңсыз қоныс аударған. Ол өзінің бұл жолды қалай өткені туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Азаттық Радиосына” сілтеме жасап хабарлайды. 

Ақбота өзінің Қазастаннан АҚШ-қа дейінгі жолын видеоға түсіріп отырған. Видеолардан олардың рюгзакпен тау-тастың арасынан өтіп, су кешкендерін, теңізде маторлы қайықпен кетіп бара жатқанын байқауға болады. Видеолардың бірінде Ақбота “Анам бұлай жүргенімізді көрсе жылайды” деп түсіндірді.

Қазақстаннан АҚШ-қа бару үшін Ақбота мен оның 3 және 15 жастағы екі ұлы бір айға жуық жол жүрген. Ақботаның Қазақстаннан кетуіне елдегі экономикалық жағдайының нашарлығы себеп болған.

«Біз Алматыдан Доминикана Республикасына ұштық. Доминиканада екі күн болдық. Артынша Коста-Рикаға ұштық. Ол жақтан көлікпен Никарагуаға бардық. Кейін автобуспен Гандурасқа өттік. Сосын көмектесетін адамдар күтіп алып, Гватемалаға дейін жеткізіп тастады. Одан кейін Мексикаға апарды”, – деп еске алды Ақбота.

Ақботаның сөзінше, жол қауіпсіз, бірақ ұзақ болған. Ол Телеграмдағы қазақтардың чатынан көмек сұрап отырған. Ал АҚШ шекарасынан өтуге көмектесетін адамдарға ақшаны қолма қол төлеген.

«Көп уақытымыз Мексикада кетті. Ары қарай Мехикали деген қалаға келіп, ол жерден АҚШ шекарасына кірдік. Американдық шекара қызметкерлері күтіп алды. Олар бізді шекараға апарып, ертесі шығарды. Ертесі Американың Аризона штатынан шықтық. Сол жақтан, әркім әр жаққа тарады”, – дейді келіншек.

Отбасы Нью-Йоркқа келіп, қалалық әкімшіліктің қарамағындағы арнайы босқындардың жатын орнына орналасқан.

Ақботаның ұлы Мирас Астанадағы мектепте волейболмен айналысқан. АҚШ-та да спортпен айналысып, жоғарғы оқу орнына спорт арқылы грант ұтып алғысы келеді.

“Басында қатты қуанған жоқпын. Достарым бәрі Астанада қалды. Кеткім келген жоқ. Қазір мектепте екі досым бар”, – дейді Мирас.

Другие новости

Back to top button