Ғылым және техника

Алыс жолға шығатын жүргізушілер үшін «Sapar» мобильді қосымшасы әзірленді

Автожолдардың ұлттық операторы – «ҚазАвтоЖол» компаниясы республикалық тас жолдарға шығатын азаматтар үшін «Sapar» мобильді қосымшасын әзірледі.

Мобильді қосымшада онлайн және офлайн режимде навигациямен маршрут құру мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, онда автожолдардың қазіргі жай-күйі (трассалардың жабық не ашық екені, айналма жолдар, жөндеу жұмыстары), ауа райы, ақылы жолдар бойынша ақы төлеу үшін балансты толтыру туралы бөлімдер жұмыс істейді.

Бұдан бөлек, мобильді қосымшада республикалық тас жолдардың бойында орналасқан сервис нысандары жайлы барлық өзекті ақпарат жиналған. Қолданушылар жол бойындағы сервис нысандары көрсеткен қызметтің сапасына баға бере алады.
Сондай-ақ жолдағы қауіпсіздікті арттыру және жүргізушілермен кері байланысты жақсарту үшін 1403 (онлайн чат та бар) және 112 нөмірі бойынша ҚазАвтоЖолдың call-орталығы іске қосылған.

Бүгінгі таңда мобильді қосымшаны PlayMarket-тен жүктеуге болады. Жақын арада ол AppStore-да да пайда болады.

Другие новости

Back to top button