Назначения и отставки

Алтай Көлгінов Үкімет басшысының орынбасары лауазымында қалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Премьер-Министрдің орынбасары лауазымына Алтай Көлгіновтің кандидатурасы келісілді.

Өзінің лауазымдық міндеттері аясында келесі мәселелерге жауапты:

— білім және ғылым;

— денсаулық сақтау;

— әлеуметтік жаңғырту, әлеуметтік саясат, жұмыспен қамту;

мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы;

— мемлекеттік жастар және отбасы саясаты;

— конфессияаралық және этносаралық татулықты қамтамасыз ету;

— мәдениет пен спортты дамыту;

— мемлекеттік тілді дамыту;

— демографиялық және көші-қон саясаты;

— ақпарат;

— туризмді дамыту;

— әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссиялардың (республикалық, өңірлік және салалық) жұмысы.

Алтай Сейдірұлы Көлгінов
1978 жылы 15 қаңтарда дүниеге келген.

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі.

2001-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Бас прокуратура органдарында әр түрлі лауазымда қызмет атқарады.

2008-2010 жылдары жеке меншік компанияда қызмет етті.

2010-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің аумақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.

2012-2013 жылдары – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі қызметінде болды.

2016-2019 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі болды.

2019 жылғы маусымнан 2022 жылғы желтоқсан аралығында – Астана қаласының әкімі.

2022 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды.

Другие новости

Back to top button