Алматы

Алматының тағы бір бөлігі газсыз қалды

Алматының тағы бір бөлігі газсыз қалды. “Горный гигант” ықшамауданында газ таралуына байланысты апатты жағдай болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазТАГ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқырмандардың бірінің сөзіне сүйенген дереккөз Медеу ауданында газ беру шектелгенін жазады.

“104″ қызметі жұмыс істемейді! Айтуларынша, газдың қысымы төмендеп кеткен. Төрт сағат бұрын олар бригаданың кеткенін айтты. QazaqGaz және KazTransGas-Aimak — пайдасыз компаниялар! Олар тіпті жазатайым оқиғалар туралы хабарламайды!”, –делінген оқырман хатында.

Анықталғандай, “Горный Гигант” ықшамауданында газға байланысты апатты жағдай болған.

Газдың қалалыз қызметі “104” ертеңге дейін газ берілмейтінін хабарлаған.

Бұған дейін Қазақстанда өндірушілердің шығынға кетуіне байланысты газ бағасын өсіру жоспарланып отырғаны жазылған.

Другие новости

Back to top button