Алматы

Алматының бірнеше шағынауданында суық су өшіріледі

Алматыда 25 сәуір күнгі сағат 00:05-тен 26 сәуір күнгі 06:00-ге дейін бекіткіш арматураны ауыстыру және таза су резервуарларын жуу бойынша жұмыстар жүргізіліп, суық су өшіріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Осыған байланысты Орбита 1-4 шағын аудандарында, Таугүл 3 шағын ауданында, Мамыр 1-7 шағын аудандарында, Саин-Жандосов-Яссауи-Шаляпин, Яссауи-Шаляпин-Әшімов-Абай көшелерінің контурында су беру уақытша шектеледі.

“Жұмыстарды уақтылы орындау аталған учаскелердің тұтынушыларын сапалы және тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Білім беру нысандарына автоцистерналармен су жеткізу жүзеге асырылады. Тұрғындар үшін су таситын көлік белгіленеді. Су таситын көліктердің жүру бағыттарының кестесі мен сызбасы almatysu.kz.сайтында көрсетілген”, – делінген хабарламада.

Другие новости

Back to top button