Алматы

Алматыны су басу қаупі әлі де өзекті

Мұндай жағдай, әсіресе, қар еріп, толассыз жауған жауын кезінде болады. Бұл туралы шаһар әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Мәселен, Наурызбай ауданында тасқын жиі болатын алты бірдей учаске бар. Проблеманы шешу үшін ол аумақтарда құрылыс жұмыстары басталған. Биыл қарашада аяқтау жоспарланып отыр. Сондай-ақ аталған ауданда ауызсу мәселесі келесі жылдың соңына дейін шешіледі, деп жазады qazaqstan.tv.

Шаһар басшысының сөзінше, бүгінде «Қарғалы» бастоғанының құрылысы 80 пайызға аяқталған. Алайда Іле-Алатау ұлттық паркі аумағында құбыр салуға рұқсат алу үшін жұмыстар тоқтатылды. Сол себепті ауызсу проблемасы жиі кезігеді. Ерболат Досаев үш ықшам аудан бойынша ұзындығы 135 шақырым су құбыры мен 132 шақырымдық кәріз желісін қамтитын жобалық-сметалық құжат әзірленіп жатқанын айтты.

Ақжар ықшам ауданының тұрғындарын сумен қамтамасыз ету мәселесін шешеміз. Ол үшін «Ақсай» сүзгі станциясының құрылысы кезінде Алматы жер асты су қорларынан су тартамыз. Осыған қатысты магистраль су құбырын салу туралы шешімі қабылданды.Ерболат Досаев, қала әкімі

Другие новости

Back to top button