Алматы

Алматылықтардың бонустар үшін пластик пен басқа да қалдықтарды тапсыруға мүмкіндігі бар

Алғаш рет Coca-Cola Icecek Kazakhstan (CCI Kazakhstan) өзінің серіктесі Ecosen компаниясымен біргекеңсесінің аумағында экостанция ашты.

Тұрақты өмір салтын ұстанатын адамдарға ыңғайлыболу үшін идея авторлары қалдықтардың мүмкіндігіншекөп түрін қабылдауға шешім қабылдады, бұл пластикті, сондай-ақ басқа қалдықтарды жинау және сұрыптаупроцесін айтарлықтай жеңілдетеді. Жаңа экостанция қайтаөңдеуге болатын материалдардың 11 түрін қабылдайды(PET 1, HDPE 2, LDPE 4, PP 5 таңбаланған пластик; GL 70 таңбаланған түссіз шыны; металл; консерві банкалар (ALU 41); үлкен және шағын электроника; батареялар; макулатура(PAP 20, PAP 21, PAP 22, PAP 23); картон және гофрленгенкартон).

Сондай-ақ, Ecosen Компаниясы пайдаланушытапсыратын қалдықтардың көлемі жазылатын және оларүшін ұпайлар есептелетін аттас мобильді қосымшаныәзірледі. Ұпайларды онлайн-дүкенде пайдалы эко-тауарларға айырбастауға болады, мысалы, эко-сөмкелер, сауда сөмкелері, қайта пайдалануға болатын шыныаяқтаржәне т.б., осылайша халықты көбірек жинауға және жаңапайдаланушыларды тартуға ынталандырады, ал тамызайының соңына дейін бұл ұпайларды 2 қыркүйекте Алматы қаласының Орталық стадионында өтетін Coke StudioFestival билеттеріне айырбастауға болады.

CCI Kazakshtan кәдеге жарату төлемінің жауаптытөлеушісі болып табылады, мемлекет алдындағы өзміндеттемелерін орындайды, алайда, бұдан басқа, Қазақстанбойынша пластик пен басқа да қалдықтарды жинауға, қайтаөңдеуге бағытталған түрлі жобаларға қосымша инвестиция салады. Айта кету керек, Компания көптеген жылдар бойыөз қызметінің барлық салаларында бизнесті тұрақты етуүшін жұмыс істеп келеді. Соңғы бірнеше жылда Компания өзінің әлеуметтік және экологиялық бастамаларының санынарттырып қана қоймай, сонымен қатар өз алдына өте өршілміндеттер қойып отыр, мысалы, 2030 жылға қарай CCI Kazakhstan компаниясы Қазақстан нарығына шығаратынқаптаманың 100% баламалы көлемін жинауды жоспарлапотыр.

«Қалдықтарды жинау және қайта өңдеу мәселесі бізүшін әрқашан маңызды болды, біздің компания бұл мәселені мемлекетпен, табиғатты қорғау белсенділерімен және қоғаммен бірлесіп шешу үшін тығыз жұмыс істейді.Қазақстандағы бас кеңсеміздің аумағында станцияның ашылуы қалада қалдықтарды бөлек жинауға жағдай жасау жолындағы тағы бір маңызды қадам болып табылады. Біз алматылықтардың тілектерін естиміз және ұзақ мерзімді, тұрақты және ашық шешімдерді табуға тырысамыз. Мұндай бастамалар бізді қолдауға және бізге қосылуға ынталандырады деп сенеміз», — деп атап өтті CCI Kazakhstan компаниясының корпоративтік қатынастар және тұрақты даму жөніндегі директоры Алима Исембаева.

Ecosen басшысы Айбек Рахим атап өткендей, мұндай жобалар қаржыны қажет етеді: «Алматыдағы бір экостанция жеткіліксіз. Экологиялық бастамаларымен және пластикті қайта өңдеу бағдарламасымен танымал CCI Kazakhstan компаниясы өз аумағында қалдықтарды қабылдайтын жаңа нүктесін ашуға мүмкіндік беріп қана қоймай, тағы біреуін ашуды қаржыландырып жатқанына өте қуаныштымыз».

Бұл Қазақстандағы коммуналдық қалдықтар бойынша бірінші орында тұрған Алматы қаласы үшін әлеуметтік және экологиялық маңызды жоба. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылы Алматыда 481,7 мың тонна қалдық жиналған. Сондай бастамаларға бизнес қауымдастығының ерекше назар аударып, экология мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне зор үлес қосуы да маңызды.

О CCI Kazakhstan

CCI Қазақстан – Түркия, Пәкістан, Қазақстан, Ирак, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Иордания, Тәжікстан, Түрікменстан және Сирия елдерінде жұмыс істейтін көпұлтты сусындар компаниясы. CCI The Coca-Cola компаниясы үшін газдалған және газдалмаған сусындарды шығарады, таратады және сатады.

CCI компаниясында 10 000-нан астам адам жұмыс істейді. Жалпы алғанда, Компания 11 елде 30 сусын құю зауыты мен 3 жеміс өңдеу зауытына иелік етеді, 430 миллион адамға арналған сусындардың кең ассортиментін ұсынады. Газдалған сусындардан басқа, азық-түлік портфелінде шырындар, мұздатылған шай, су, спорттық-энергетикалық сусындар және кофе бар.

CCI акциялары Стамбул қор биржасында (BIST) «CCOLA.IS» белгісімен саудаланады.

Другие новости

Back to top button