Алматы

Алматылықтар тағы сусыз қалады

Алдағы екі күнде Алматының Альмерек шағын ауданы суық судан ажыратылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“15 және 17 караша күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін Альмерек шағын ауданында сумен жабдықтау қызметі уақытша тоқтатылады. Аталған аумақтардағы тұтынушыларды суық судан уақытша ажырату сумен жабдықтау желілерін іске қосуға байланысты”, – делінген “Алматы Су” хабарламасында.

Айта кетейік, бұдан бұрын Алматының екі ауданы мен Алматы облысының бір бөлігі сусыз қалған.

Другие новости

Back to top button