Алматы

Алматылықтар қоқыс үшін ең көп ақша төлейді — статистика

Ұлттық статистика бюросы қазан айы бойынша Қазақстанда қоқыс шығару қызметінің тариф құнын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, биыл қазан айында Қазақстан бойынша қоқыс шығару қызметі үшін бір адамға орташа тариф 322 теңгені құрады.

«Бұл қызметтің құны өңірлер арасында 94-553 теңге аралығында. Мәселен, қоқысты шығару үшін Алматы қаласының тұрғындары 553 теңге төлейді, тариф сондай-ақ Семей қаласында қымбат – 470 теңге, үштікті Қостанай қаласы қорытындылайды – 401 теңге. Қоқысты шығару қызметі үшін ең төменгі тариф Тараз қаласында тіркелген — 94 теңге»,- деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінде. Сондай-ақ Ұлттық статистика бюросы өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда биыл тариф 13,6%-ға қымбаттағанын хабарлады.

Другие новости

Back to top button