Алматы

Алматыға жылу +8°С төмен болғанда беріледі

Әкімдік «Алматы жылыту маусымына дайын» деген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімдіктің хабарлауынша, биыл мамыр айынан бастап қаланың коммуналдық қызметтері жылыту маусымына дайындықты бастады.

Қалаға жылу бес тәулік бойы сыртқы ауаның белгіленген орташа тәуліктік температурасы +8°С және одан төмен болғанда беріледі, — делінген хабарламада.

Бірінші кезекте жылумен денсаулық сақтау, білім беру ғимараттары және өзге де әлеуметтік нысандар қамтылады. Содан кейін жылу көппәтерлі тұрғын үйлерге беріледі.

Барлығы 413 білім беру нысаны, 129 денсаулық сақтау нысаны және 8 476 тұрғын үй қорының нысаны дайындалды. «АлматыТеплоКоммунЭнерго» ЖШС қазандықтарындағы көмір және мазут қоры 100% жеткілікті. «АлЭС» АҚ (ЖЭО-1,2, БТК) энергия көздерінде көмір 118% және мазут қоры 118% бар, — делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.

Другие новости

Back to top button