Алматы
Алматыға жақын маңда жер сілкінісі болды

Қазақстандық сейсмологтар Алматының оңтүстік-батысында болған жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жерасты дүмпулері 3 наурыз күні сағат 11:05-те тіркелді.
«Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 122 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан», — деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ұлттық орталығының сейсмикалық стансалар желісі.
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,9.
- MPV магнитудасы — 4,3.
- Жер асты дүмпулері сезілген жоқ.