Алматы

Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты ТЖД мәлімдеме жасады

Алматы қалалық ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев қала тұрғындары мен қонақтарын сабырға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Алматы қаласының аумағында жер сілкінічсі болды. Паникаға бой алдырмаңыз. Бірінші тербеліс аяқталғаннан кейін, ғимараттан шығыңыз. Жақын орналасқан халықты қабылдау пунктеріне барыңыз. Тек ресми көздерден алынған ақпаратқа сеніңіз. Сирена сигналын естігеннен кейін, құлақтандыру құралдарын қосыңыз. Жағдай нақтыланған соң, қосымша ақпарат беріледі», — деді Нұрлан Атығаев.

Айта кетсек, бүгін Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болды. Қалада сирена-дыбыстық сигнал іске қосылды.

Сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 4 наурызда Алматы уақытымен 11 сағат 22 мин 05 секундта жер сілкінісін тіркеді.

«Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 км жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 13.2. MPV магнитудасы – 6.1. Эпицентрдің координаттары 42.93° с.е. 76.96° ш.б. Тереңдігі 10 км.

ДСМ-64 шкаласы бойынша 5 балдық жер сілкінісі сезілді», — деп хабарлады ТЖМ.

Другие новости

Back to top button