Алматы

Алматыда үш автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді

Алматыда Райымбек даңғылы бойында бірден үш автобус соқтығысты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жол апатынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.

«13 ақпанда сағат 09:00 шамасында Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан №54 бағыттағы автобустың жүргізушісі алдында жүріп бара жатқан №133 бағыттағы автобуспен, сондай-ақ Nexia көлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан №133 автобус қатар келе жатқан №88 бағыттағы автобуспен соқтығысқан», — деп хабарлады Алматы полициясы.

Жол апатына ұшыраған үш автобус жеке тасымалдаушыларға тиесілі екені анықталды.

«Жол-көлік оқиғасы фактісін Медеу аудандық полиция бөлімі қызметкерлері анықтап жатыр», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар оқиғаның басқа да мән-жайлары әлі анықталып жатыр.

Еске салсақ, Алматыда қоғамдық көліктің қатысуымен жантүршігерлік жол апаты болып, үш адам қаза тапқан болатын.

Другие новости

Back to top button