Алматы

Алматыда танымал боксшы із-түзсіз жоғалып кетті

Серік Нұрқазов 14 желтоқсанда үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған

Алматыда кеңестік кезеңнен танымал болған спортшы Серік Нұрқазов із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Боксшының жоғалып кеткені туралы деректі «Қоғам» жедел әрекет ету жасағының өкілдері жариялады.

Белгілі болғандай, спортшы 14 желтоқсанда үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайтып оралмаған.

«Оның үстінде сұр қалпақ, капюшоны бар көк күрте, ақ кеудеше, қара джинсы шалбар болған», — делінген хабарламада.

Нұрқазовтың шашы ақ екені және сақал қойғаны, сондай-ақ оның 1959 жылдың 4 қазанында дүниеге келгені, диагнозы бары айтылады.

Полиция аталған дерекке байланысты іздеу жұмысы жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Айта кетсек, Серік Нұрқазов – қазақ боксшысы, Қарағанды ​​облысындағы атақты Абай атындағы бокс мектебінің алғашқы шәкірттерінің бірі, КСРО құрама командасы сапында бокстан Еуропа чемпионаттарында алтын және қола медальдардің иегері. Серік Нұрқазов спорттық мансабын аяқтаған соң бапкерлік қызметке ауысты.

Другие новости

Back to top button