Алматы

Алматыда пойыздың төбесіне шығып алған ер адам полицейлерді дүрліктірді

Ол билет алуға ақшасы болмағандықтан БҚО-ға осылай жетпек болған

Алматыда полицейлер пойыздың төбесінен ер адамды түсіріп алды. Ол Батыс Қазақстан облысына осылай жетпек болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«24 шілдеде «Алматы 1» станциясындағы Желілік полиция басқармасының кезекші бөліміне сағат 20:20-да қоңырау түсті. «Алматы-2» станциясынан «Алматы-Орал» қатынасымен жолаушылар пойызын жөнелту кезінде машинист азаматтың өміріне қауіп төнгендіктен шұғыл тежеу қолданған. Ол Алматы-2 станциясында артқы вагонның төбесіне шығып алған», — деп мәлімдеді Көліктегі полиция департаменті.

Полиция қызметкерлері пойызды тоқтатқаннан кейін құқық бұзушы акт бойынша вагонның төбесінен түсірілді.

«Тексеру барысында Батыс Қазақстан облысының 47 жастағы тұрғыны анықталды. Сауалнама барысында ер адам билетке ақшасы жоқ екенін түсіндіріп, үйіне пойыздың төбесі арқылы жетпек болған», — деп хабарлады көлік полициясы.

Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК (15 315 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Другие новости

Back to top button