Алматы

Алматыда өрттен қаза тапқан әйелдің отбасына қажетті көмек көрсетіледі

Алматыдағы «Ақкент» тұрғын үй кешеніндегі алапат өрт кезінде қаза тапқан Әсел Бекмұхаметованың отбасына отбасына қажетті көмек көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Алатау ауданы әкімдігінің мәліметінше, марқұмды жерлеу рәсімі Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаражота ауылында өтеді. Алматы облысының әкімдігі жерлеу рәсімін ұйымдастыруға, марқұмның денесін тасымалдауға көмектесетін болады.

Алатау ауданының әкімдігі марқұмның отбасына қажетті моральдық және материалдық көмек көрсетеді.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін 16 қабатты үйде өрт тұтанғанын хабарлаған едік.

Қызыл жалын сағат 18:46 кезінде оқшауланып, сөндірілді.

31 адам, оның ішінде 16 бала ауруханаға жеткізілген болатын.

Амалы қалмаған тұрғындар балаларын терезеден лақтырды.

Зардап шеккендердің ішінде 2 жүкті әйел бар.

Кейін Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы бір адамның қаза тапқанынхабарлады.

Өрттен зардап шеккен тұрғындар тамақ және жатын орынмен қамтамасыз етілді.

Алматы әкімі өрттен азат тапқан әйелдің отбасына көңіл айтты.

Другие новости

Back to top button