Алматы

Алматыда өрттен қайтыс болғандардың аты-жөні толық анықталды

Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалды

Алматыда өрттен қайтыс болғандардың аты-жөні толық анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, хостелдегі өрт салдарынан қаза тапқандардың жеке басы анықталып, сот медициналық сараптама тағайындалған.

«Қайтыс болған 13 адамның төртеуі – шетелдіктер (Ресей Федерациясының 2 азаматы және Өзбекстанның 2 азаматы), тағы 9-ы – Қазақстан Республикасының азаматтары», — делінген қалалық ПД хабарламасында.

Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Тақырыпқа орай: Кепілге алынған мүлік: Алматыда өрт шыққан хостелге қатысты жаңа дерек айтылды

Еске салайық, бүгін таңертең сағат 05.30-да Әди Шәріпов көшеіндегі хостелден өрт шығып, 13 адам қаза тапқанын хабаршаған болатынбыз. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы өрттен зардап шеккен 4 адамның ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді.  Сондай-ақ аталған оқиғаға бойынша Үкіметтік комиссия құрылды

Другие новости

Back to top button