Алматы

Алматыда Орталық Азиядағы бес мемлекет арасында бизнес диалог өтеді

14-15 наурыз аралығында Алматы қаласындағы Swissotel Wellness Resort Alatau алаңында  «Мемлекеттік-жекеменшік диалог арқылы Орталық Азияның өңірлік экономикалық интеграциясын нығайту» B5+1 форумы өтеді.

Шараға Орталық Азия бес елінің бизнес-қоғамдастығы мен мемлекеттік аппаратының өкілдері қатысады. Орталық Азия кәсіпкерлері форумға Youtube канал арқылы онлайн-форматта қатыса алады.

Іскерлік шараны ҚР Ұлттық экономика министрлігі CIPE (АҚШ) халықаралық жеке кәсіпкерлік орталығының көмегімен ұйымдастырды.

В + 1 форумының түпкі міндеті – осы өңірдің толық экономикалық дербестігі мақсатында Орталық Азиядағы сауда, инвестиция және экономикалық интеграцияға жәрдемдесу.

Бизнес-қауымдастықтар, мемлекеттік органдар, халықаралық институт өкілдері қатарынан панельдік пікірталастарға қатысушылар өңірлік жетістіктер, өңірдің экономикалық даму бағдарламалары және экономикалық интеграция жолында нығайып келе жатқан әріптестікті талқылайды.

Америкалық компаниялардың өкілдері Орталық Азияға экономиканың басым секторларына инвестиция салу туралы өз көзқарасын бөліседі. Жергілікті бизнес қауымдастықтары жаңа нарықтарды дамыту және оларға қол жеткізу үшін адвокатура мен мемлекеттік және жеке секторлар арасындағы диалогты пайдалану жолдары мен мүмкіндіктерін талқылайды.

B5+1 форумы жеке сектормен ұлттық және өңірлік бизнес күн тәртібіндегі белсенді жұмыстың қорытындысы болуға тиіс. Екі күндік іс-шара бизнес-қоғамдастыққа Орталық Азия үшін инклюзивті және интеграцияланған экономикалық келешек туралы өз көзқарасын ұсынуға және үкіметтерге С5+1 экономикалық мақсаттарына жету үшін жеке сектор ұсынымдарының құндылығын бағалауға мүмкіндік береді.

Іс-шара аяқталғаннан кейін қатысушыларға инновация, шетелдік инвестицияға және халықаралық саудаға қолжетімділікті кеңейту арқылы экономикалық интеграцияны жақсарту және тұрақтылықты арттыру үшін маңызды жалпы күн тәртібін әзірлеу бойынша міндеттемелер алу ұсынылады.

 

Қатысушылардың жалпы саны 250 адам.

Күні: 2024 жылғы 14-15 наурыз

 Өтетін орны: Қазақстан  Алматы қаласы Swiss Hotel, Таусамалы 50А

Шараға қатысу үшін аккредитация талап етіледі. Аккредитациядан өту үшін төмендегі байланыс деректеріне жүгінуді сұраймыз.

 

Пошта: forum.b5.1a@gmail.com

Байланыс номері: 8 778 607 90 12 (Жанна)

 

Онлайн-трансляция:

https://youtube.com/playlist?list=PLIZI5-RXmq2lWoOr9fpdBPI3rG6zHXeB5&si=qnG_WWNKUtVRe53o

Introducing B5+1 — Center for International Private Enterprise (cipe.org)

Другие новости

Back to top button