Алматы

Алматыда мопед жүргізушілері бір тәулік ішінде 78 рет жол ережесін бұзды

Алматы полициясы мопед, мотоцикл, скутер, самокат секілді көлік түрлерінің қозғалысын бақылауды күшейтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Алматыда мопед пен электросамокат тізгіндеген адамдардың қатысуымен жол ережелерін бұзу деректері көбейген. Осы себепті бұл көлік түрлерін пайдаланатын адамдардың жол ережелерін бұзу деректерін анықтау жұмыстары күшейтілді. Бұл туралы Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр айтты.

«Өткен тәулікте ғана ауданымыздың аумағында мопед жүргізушілері 78 рет жол ережесін бұзғаны анықталды. Олардың барлығы әкімшілік жауапқа тартылды. Мұндай шаралар күн сайын өткізіледі және біздің ерекше бақылауда», – деді Ұлан Әбілқайыр.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы полициясы қалада жол ережесін бұзған мопед жүргізушілері әкімшілік жауапқа тартылатыны туралы ескерткен еді.

Другие новости

Back to top button