Алматы
Алматыда KHAN тұрғын үй кешені сүріліп жатыр
Заңсыз тұрғын үй кешенін бұзу жұмыстары сот шешімімен басталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Алматы әкімдігі таулы жерлерде заң талаптары мен құрылыс нормаларын бұза отырып салынған 52 нысан анықталғанын хабарлады.
Олардың біреуі бойынша шешім қабылданып, бүгінде KHAN тұрғын үй кешені бұзыла бастады. Тапсырыс берушіге қатысты бірнеше рет әкімшілік шаралар қолданылған.
«Заңсыз объектіні бұзу сот орындаушыларының қатысуымен жүргізіледі. Айта кетейік, тағы 19 нысан бойынша толық немесе ішінара бұзу, учаскені бастапқы күйіне келтіру және нұсқаманы мәжбүрлеп орындау туралы сот шешімдері заңды күшіне енді», — деп хабарлады әкімдік.
Бұған дейін хабарланғандай, тексеру нәтижесінде Алматы тау бөктерінде, су айдындарының бойында және ерекше қорғалатын аумақтарда құрылыс салу кезінде 150-ден астам заң бұзушылық анықталған еді.