Ғылым және техника

Алматыда ірі VK Cloud Conf Almaty Tech-конференциясы өтеді

2023 жылдың 25 сәуірінде Алматыда VK Cloud Conf Almaty өтеді — бұл бұлтты шешімдерді пайдалана отырып, цифрландыруды жеделдету туралы қазақстандық бизнеске арналған Tech-конференция. Қатысушылар Қазақстан нарығының IT-трендтерін және олардағы бұлттардың рөлін талқылайды, бизнес, мемлекеттік ұйымдар және стартаптардан цифрлық трансформация кейстерін талдайды.

Сарапшылар мынадай тақырыпта әңгімелейді:

  • бизнес-мақсаттарға жету үшін қандай бұлт технологияларын қолдану керегі туралы
  • Cloud-Native тәсілін қалай қолдану керегі туралы
  • DevOps-инженерлерге цифрлық өнім дайындауы үшін қандай сервистер бар?
  • бұлтта Big Data енгізу бойынша кейстер,
  • және тағы да басқа тақырыптар

Іс-шараның тағы бір маңызды тақырыбы қауіпсіздік болады. Кейінгі жылдары киберқауіпсіздік өзектілігінің артуын назардан тыс қалдыруға болмайды. Дегенмен, қолданбалардың, соның ішінде бұлттың қауіпсіздігін қандай әдістер мен құралдармен қамтамасыз етуге болатынын бәрі біле бермейді. Сонымен қатар, конференция аясында “Батырмадағы бұлт” тақырыбында шеберлік дәрісі өткізіледі.

Іс-шараға қатысу үшін осы сілтеме бойынша тіркелу қажет.

 

 

 

Другие новости

Back to top button