Алматы

Алматыда дүкендердің бірінде қыздың кеудесін ұстаған ер адамның жеке басы анықталды

Алматы полицейлері дүкендердің бірінде қыздың кеудесінен ұстаған ер адамның кім екенін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Оның басқа облыстың тұрғыны екені белгілі болды.

«Бостандық аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, қылмыскердің жеке басы анықталды. Ол Атырау қаласының тұрғыны. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша материалды өндіру соттың қарауына және одан әрі шешім қабылдау үшін Атырау қаласындағы тұрғылықты жеріне жіберілді», — деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі.

Бұған дейін зардап шеккен қыз супермаркеттен видео жариялаған болатын. Кадрларға қарағанда, ер адам мас күйінде болған. Оның қасында тағы бір адам болды.

Другие новости

Back to top button